Жарияланды: 510

"Шымкентцемент" АҚ 2009 жылдың екінші тоқсанынан бастап халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес жұмыс істей бастайды

Шымкент. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Шымкентцемент" АҚ 2009 жылдың екінші тоқсанынан бастап халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкес жұмыс істей бастайды. Бұл туралы "Шымкентцемент" АҚ-ның бас директоры Энтони Макли "Отырар" телеарнасының журналистеріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2009 жылдың бірінші тоқсанының аяғына таман біз жобаларымызды жүзеге асырып бітіреміз. Жабдықтардың басым бөлігі қоймаларда тұр, қалғаны жеткізіліп тестілеуден өткізілуде", деді Энтони Макли. Бас директордың айтуынша, экологиялық жобаларды жүзеге асыруға 20 млн доллар жұмсау жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін