Шымкенте жүрген Бас санитар дәрігер тағы бір былықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкенте жүрген Бас санитар дәрігер тағы бір былықтың бетін ашты

Шымкенте жүрген Бас санитар дәрігер тағы бір былықтың бетін ашты

Оңтүстік Қазақстанда кенені залалсыздандыруға бөлінген қаржы мақсатсыз жұмсалған. Салдарынан күнгейде улы жәндіктер қаптап кетті. Ал кене шаққан 6 адам конго-қырым қанды безгегін жұқтырып, екеуі тіпті жан тапсырған. Бұл деректер өңірге еліміздің бас санитары аттанғанда ғана ашылып отыр.

  • 18 Шiлде 2015
  • 412
Фото - Caravan.kz

Арнайы дәрілерге ұсақ малды қанша батырғанмен, енді оның пайдасы шамалы. Биыл залалалсыздандыру жұмысы кеш басталып, кене қаптап кеткен. Облыс бойынша тәулігіне кене шаққан 40 адам ауруханаға түсіп жатыр. Тіпті 6 адамның конго-қырым қанды безгегін жұқтырып, соның екеуі көз жұмғаны енді ғана айтылып отыр. Биыл бұл зиянды жәндіктерді жоюға республикалық бюджеттен бақандай 500 млн теңгедей қаражат бөлініпті. Алайда, арнайы тексеріспен келген еліміздің бас санитар дәрігері бұл сома желге ұшырылған, -деп отыр.

Жандарбек Бекшин,  ҚР бас санитар дәрігері:

-Залалсыздандыру жұмыстары Оңтүстік Қазақстанда бар болғаны 18 пайызға жүргізілген. Әлі жұмыстар мүлдем басталмаған аудандар да бар. Қора-қопсыны, ірілі-ұсақ малды дәрілеуде мүлдем дұрыс жүргізілмеген. Ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінген соң, сылтау айтпай жұмыс жасау керек қой.