Жарияланды: 360

Шымкентке Біріккен Араб Әмірліктерінен қайырымдылық жүк жеткізілді - телеарна

Шымкент. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Араб Әмірліктерінің шейх Халифа бен Заид аль Нахаян атындағы қайырымдылық қоры Шымкентке Ораза ұстаушы жамағатқа арналған 500 жәшік құрма жеткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қазақстан - Шымкент" арнасына сілтеме жасап.

Қазір құрма қаладағы мешіттерде таратылуда. Шымкентте барлығы 30 мешіт бар. Әр мешітке 10 - 15 жәшіктен таратылып, қалғаны қаладағы ұйымдар мен кәсіпорындардағы ораза тұтушыларға жіберіледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін