Осыдан 4 күн бұрын өз пәтерінде 45 жастағы мұғалімнің өлі денесі табылған. Педагогты 16 рет пышақтапты. Қанышер құтылып кетуі де мүмкін еді. Бірақ, 16 жастағы қыз тергеушілерге келіп, марқұмның подъезінен бейтаныс жігіттің әйел сөмкесін алып шыққанын айтқан. Және қаскөй мәшинесін от алдыра алмай едәуір әуреге түсіпті. Бойжеткен күдіктінің көлігі мен нөмірін еске сақтап қалған. Көп ұзамай қолға түскен азамат кінәсін мойындап, жұмыссыз жүргендіктен қылмысқа барғанын айтыпты. Ал, оны табуға көмектескен қызға генерал Асқар Оспанов бағалы сыйлық беріп, болашақта полицей болуды ұсынды.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— 11 сыныпты бітірейін деп жатыр. Сондықтан оған Ішкі істер органдарына мүмкін соның жоғарғы оқуларына оқидыма деген ұсыныс беріп отыр. Енді күтудеміз, осы ұсынысты қыз ойланып, 1 аптада жауабын беремін деп генералға уәдесін беріп кетті.