Шымкентте 33 мың оқушыға орын жетіспейді
Шымкент. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентт 61 мың орынға есептелген 83 мектепте 94 мың оқушы оқуда, деп хабарлады журналистерге қалалық білім беру бөлімінің бастығы Қайрат Сүгірбеков. |
"Қаламызда мектептер, балалар бақшалары мен мектептен тыс мекемелердің жетіспеушілігі орасан зор. Алдын ала есептеулер бойынша, 81 балалар бақшасы, 28 мектеп және 10-12 мектептен тыс мекеме жетіспейді", - деді Қ. Сүгірбеков.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, балалар бақшаларындағы 20 адамға арналған топтарда 40, кейде тіпті одан да көп бала тәрбиеленуде. "Оның үстіне бөлмелердің тарлығы соншалықты ыдыс-аяқ, төсек және балалар бір бөлменің ішінде ұйлығысуда", - деп түсіндірді Қ. Сүгірбеков.
Сонымен қатар, балалар бақшаларында орын алуға деген кезек қазіргі таңда 19 мыңды құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін