Шымкентте 60 жастағы зейнеткер жеке бизнесін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 60 жастағы зейнеткер жеке бизнесін ашты

Шымкентте 60 жастағы зейнеткер жеке бизнесін ашты

Шымкентте алпысқа келген мүгедек зейнеткер кәсіпкер атанды. Меруерт Көлбаева 30 жыл бойы мүгедек ұлы мен күйеуін бағып-қағып келген екен. Алайда, екеуі аяқ асты қайтыс болып, осы қазадан кейін өзі қатты науқастанып қалған. Жүрегі сыр берген Меруертке «дәрігерлер кейін бір іспен айналысқаныңыз абзал» деген кеңес беріпті. Қазір енді қиыншылыққа мойымаған 3-ші топ мүгедек алпысқа таяғанда адал кәсіппен айналысып, ақша тауып жүр.

  • 11 Наурыз 2014
  • 246
Фото - Caravan.kz

Жеке бизнесіне жеке ғимаратта қажет болмапты. Өз пәтерінің ішінен тігін цехын ұйымдастырған Меруерт Көлбаеваға, шенділерде бірден көмек қолын созған. Тиісті кеңес пен қажетті қаражат алған тәуекелшіл әйел қасына қолы бос көршілерін тартыпты. Үшеуі бірігіп, төсек жабындыларын тігуге кіріскен. Ал, мамандығы бухгалтер Меруерт мата тасып, дайын болған өнімді тексереді. Базарда да қазір шетелдік тауарға қарғанда Шымкенттің осындай өнімдері өтімдірек болып тұр. Жұмысын жаңа бастаған зейнеткер Шымкенттік жаңа брендті енді «МеруКей» деп атамақ ойда.

Меруерт Көлбаева, зейнеткер:

-Менің көмекшілерім, қазір өзімнің көршілерім. Біз бұл домда көршілермен тату-тәтті тұрамыз. Бірақ та, мынау жағдайға байланысты қазір бәрі жұмыссыз отыр. Әрі бір жағынан ойым осыларға да «жұмыс ашсам ба?» деген менің ойымда болды. Құдайға шүкір, міне іске асты.