29 жастағы Нұртай Сейсенбаевтың түрмеден шыққан соң, тағы 3 жыл көлік жүргізуге құқығы жоқ. Қайғылы оқиға былтыр қараша айында болған. Қос қоғамдық көлік бір-бірімен жарысып, тоқтай алмай аялдамаға келіп соғылды. Салдарынан автобус тосып тұрған 28 жастағы Лаура Әшірова сол жерде көз жұмды.Оның артында 4 жасар ұлы жетім қалды. Тағы бір әйел омыртқасынан ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілген болатын. Сотталған азамат жазасын қоныс колониясында өтейтін болды. Ал марқұмның туыстары енді материалдық шығынды өндірудің қамымен жүр.