Шымкентте апаттық жағдайда қонған Тәжікстан лайнерінің ақаулары жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте апаттық жағдайда қонған Тәжікстан лайнерінің ақаулары жойылды

Шымкентте апаттық жағдайда қонған Тәжікстан лайнерінің ақаулары жойылды

Шымкент. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте апаттық жағдайда қонған Тәжікстанның "Боинг-747" ұшағының ақаулары жойылды, деп "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шымкент әуежайынан хабарлады.

  • 22 Шiлде 2008
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Желдету жүйесінің ақаулары жойылды. Қазіргі сәтте лайнер ұшуға рұқсат сұрап тұр», — деп хабарлады әуежай қызметкері. Оның айтуынша, лайнер апаттық жағдайда қонғаннан кейін Алматыдан басқа бір ұшақ келіп, «Боинг» ұшағының барлық жолаушыларын алып кеткен. Бүгін Шымкентке Тәжікстаннан мамандар келіп желдету жүйесіндегі ақауларды жөндеген.

«Ешкімнен ешқандай шағым түскен жоқ. Жолаушылар тып-тыныш ұшып кетті. Жөндеушілер қалыпты жағдайда жұмыс істеді», — деп хабарлады әуежай қызметкері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті