Шымкентте ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасағандарға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасағандарға іздеу жарияланды

Шымкентте ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасағандарға іздеу жарияланды

Шымкентте ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасалды. Таңғы 8-дер шамасында қаланың орталығындағы нысанға баса көктеп кірген екі жігіт алдымен қожайынын ұрып талдырған.

  • 18 Шiлде 2015
  • 267
Фото - Caravan.kz

Мұнан соң бетперде киген екеу кассирді байлап, шамамен 20 мың долларды алып із жасырыпты. Ал, соққыдан есеңгіреп, аяқ-қолы байлаулы жатқан азаматты көрші мекемедегі сатушы қыз босатып алып, полицейлерге хабарлаған. Қазір 25-30 шамасындағы екі жігіт іздестіруде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, валюта айырбастау нүктесінде қауіпсіздік шаралары сақтамаған екен. Не күзетші, не дабыл тіпті кәдімгі сейф те жоқ. Мекемеге басып кірген екеу қару қолданбағандықтан бұл іс қарақшылық шабуыл емес, ұрлық ретінде тіркеліп, осы бап бойынша тергеу жүріп жатыр.