Шымкентте ақша бопсалаған деген күдікпен ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ақша бопсалаған деген күдікпен ер адам ұсталды

Шымкентте ақша бопсалаған деген күдікпен ер адам ұсталды

[wpcode id="1694287"] Шымкентте сот шешімімен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО

  • 24 Наурыз 2017
  • 395
Фото - Caravan.kz


Шымкентте сот шешімімен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам қамалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстың Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Шымкентте ер адам видеокамераға түсірілген материалдарды жариялаймын деп ақша бопсалап жүр деген хабарлама түскен.  "Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жедел іздеу шаралары барысында Шымкент қаласының 1980 жылы туған тұрғыны 50 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 253-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", — дейді баспасөз қызметінің өкілдері. ОҚО-ның Абай аудандық соты 36 жастағы күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Полицейдер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады. Соталды тергеу жүріп жатыр.