Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

Шымкентте Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді

Қараша айының 3-і мен 7-і аралығында Шымкентте ұлттық спорттан Асанбай Асқаров атындағы халықаралық турнир өтеді.

  • 30 Қазан 2014
  • 520
Фото - Caravan.kz


Спортшылар турнир аясында көкпардан 12-ші, аударыспақтан 4-ші мәрте ұйымдастырылып жатқан жарыстарға қатысады.

Биыл жарысқа барлығы 6 команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

Турнирдің тұрақты қатысушылары қырғыз ағайындар биыл өздерінде өтетін жарыстарға байланысты келе алмайтын болды. Ал Өзбекстан спортшылары жарысқа сақадай-сай, тиісті құжаттар реттелген соң жарыстан бірнеше күн бұрын шымқалаға ат басын тірейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.