Жарияланды: 470

Шымкентте аухатжайда даяшылық атқарған екі қызды өлтіруге байланысты қылмыстың беті ашылды

Шымкентте аухатжайда даяшы болып істеген екі қызды бірдей өлтіруге байланысты қылмыстың беті ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент полициясының 3-бөлімінің бастығы Қалықұл Әбдіраманов хабарлады.

"SIR" деп аталатын аухатжайда (кафе) даяшы болып істеген екі қыздың мәйітін 7-мамыр күні күндізгі сағат 1-де кафенің әйел-қожайыны тауып алған. Қыздардың бірі тұншықтырып өлтірілсе, екіншісі пышақ жарақатынан қайтыс болған екен. Қылмысты тергеу барысында осы кафеге жиі келетін әйел-қожайынның 25 жастағы туысы күдікті ретінде танылды. Көп кешікпей саяжайлар аумағында ұсталған әлгі қылмысын мойындады. Тұтқын өзінің қыздарды әсіре долдануға байланысты өлтіргенін мәлімдеген. Оның айтуынша, қыздардың бірінің лас қолмен стаканға су құйып беруі кенеттен қатты ашу қысып, қылмысқа баруға себепші болса керек. Тұтқын қазір психиатриялық сараптамаға жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін