Шымкентте ауласына есірткі еккен 87 жастағы қария ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ауласына есірткі еккен 87 жастағы қария ұсталды

Шымкентте ауласына есірткі еккен 87 жастағы қария ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда 87 жастағы ақсақалдың ауласында есірткі еккені әшкереленді. Жайқалып тұрған 182 түп көкнәрді өзімнің денсаулығым үшін баптап өсірдім,- дейді ол.

  • 8 Тамыз 2013
  • 255
Фото - Caravan.kz


— Көктем уақытында ектіңіз ба?

— Көктем, май ішінде ектім.

— Өзіңіз ектіңіз бе?

— Шашып жібергем бидаймен қосып.

— Теріп алдыңыз, иә? 

— Өсіп тұрғаны мынау теріп алғаным, білдің ба? 

Тоқсанға таяған қария есірткілік шөпті жасырмай-ақ өзінің ауласында егіп келген. Өсіп шыққан көкнәрді түбімен қопарып қорасының үстіне кептіріп отырыпты. Ал оның нақты қай дертіне шипа болғандығын түсіндіре алмады. Тым көкнәр құмар қарияның үстінен көршілері арызданған екен. Қазір, қарттың егінін полицейлер толықтай жиып алып, көзін жойды. Айта кетерлігі, зейнеткер бұған дейінде бірнеше рет ауласында көкнәр еккені үшін қомақты айыппұл төлегені анықталды. Бұл жолы да қартқа айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.