Шымкентте ауқатты отбасы бала күтушісінің атынан жасырын түрде несие рәсімдеп алған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте ауқатты отбасы бала күтушісінің атынан жасырын түрде несие рәсімдеп алған

Шымкентте ауқатты отбасы бала күтушісінің атынан жасырын түрде несие рәсімдеп алған

Абай ауданының Полиция басқармасына Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны арызданған. Ол арызында, 2022 жылдың шілде айында Шымкент қаласы аумағындағы ауқатты отбасылардың бірінде өзінің бала күтушісі болып қызмет еткенін, сол кезде аталған жанұяның мүшесі жасырын түрде ұялы телефонын алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдегені туралы жазып көрсеткен.

  • 18 Қаңтар 2023
  • 392
Фото - Caravan.kz

Арызданушы телефонына банк атынан берешегін сұрап хабарлама келгенде ғана, өз атынан өзге біреудің несие алғанын біліп, жедел түрде полицияға жүгінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы .Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-тің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, күдікті бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 26-да, жоғары білімді. Уақытша жұмыссыз.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, ұсталған азаматша айласын өз үйінде асырған. Бала күтушісінің аңғалдығын пайдаланғанын мойындап, заңсыз әрекетке қарыздарынан құтылу үшін барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар