Шымкентте автобустардың жарысы адам өлімімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте автобустардың жарысы адам өлімімен аяқталды

Шымкентте автобустардың жарысы адам өлімімен аяқталды

Шымкентте автобустардың жарысы кісі өлімімен аяқталды. 29 жастағы азаматтың тізгініндегі қоғамдық көлік аялдамада тұрған қыздарды қағып кеткен. Біреуі қаза тапты. Ал 29 жастағы бір келіншек арыққа құлап аман қалыпты. Бірақ жұлынына зақым келген ол қозғала алмай ауруханада жатыр.

  • 4 Қараша 2014
  • 281
Фото - Caravan.kz


Қарлығаш Құлтаева, зардап шегуші:

— Тарс еткенін естідім. Екі аттап, қашып үлгердім. Су ағатын арыққа түсіп кетіппін, есімді білем. Автобус құлағанда  ішіндегі адамдар ойбайлап жатты. Сол кезде марқұм қыз мыжылып қалды.  Сонша таласқандағысы 50 теңге. Соншалықты не болды,50 теңге үшін  адамды өлтіруге бола ма?

Таңғы сағат 8-дер шамасында жоғары жылдамдықпен келген қоғамдық көлік аялдамада автобус күтіп тұрған жолаушыларды қаққан соң да тоқтай алмай алдында тұрған өзге қоғамдық көлікті соққан. Қатты соққыдан 15 метрге жылжып кеткен ол өз кезегінде алдында тұрған тағы бір автобусқа соқтыққан. Кінәлі жүргізушісі тежегішінің істен шыққанын айтып ақталады. Тек, куәгерлер апатқа автобустардың жолаушылар үшін таласы себеп деп отыр. Қазір №93 бағыт бойынша қатынайтын осы қоғамдық көліктің жүргізушісі қамауға алынды.