Шымкентте азық-түлік пен құрылыс материалдары сақталған қойма өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте азық-түлік пен құрылыс материалдары сақталған қойма өртеніп кетті

Шымкентте азық-түлік пен құрылыс материалдары сақталған қойма өртеніп кетті

Шымкентте қойма өртеніп, ондаған кәсіпкер тақырға отырды. 1300 шаршы метр аумақты алып жатқан логистикалық орталықта кәсіпкерлер азық түліктен бастап, құрылыс заттарына дейін сақтаған екен. Тілсіз жау көзді ашып-жұмғанша соның бәрін күлге айналдырды. Ал, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қойма маңында гидранттардың болмауына байланысты дер кезінде су жеткізе алмай әуреге түсті.  

  • 27 Ақпан 2014
  • 231
Фото - Caravan.kz

-Өрт түскі сағат 1-ден 56 кеткенде басталған. Оқиға орнына қалалық полиция бөлімімен, өрт сөндіру қызметінің басым бөлігі жұмылдырылды. Алайда, 2 сағаттан астам уақыт өтсе де қызыл жалын әлі басылар емес.

Өрттің ауқымдылығы сондай Шымкенттің кез-келген түкпірінен көрінеді. Құтқарушылар жалынмен арпалысып, кәсіпкерлер қоймадағы тауардың бір бөлігін шығарып әлекке түсті. Дегенмен лезде күш алған жалын азық-түліктен бастап, қағазға дейін сақталған нысанды түгел шарпыған.

Нұрбол Айымбетов, қойма жұмысшысы 

-Бірінші қоймада макарондар бар еді. Екінші қоймада канцелериялық   тауарлар , үшіншіде доңғалақ,  одан кейін мото майлары болған.  Бір 10-15 доңғалақты  шығарыстық, бір қорап май шығардық. Болды, қалғаны жанып кетті.

Шығынның бер жағын айтсақ, бірнеше вагон макарон өнімдері мен 700-ге тарта көлік доңғалағы күлге айналған. Ал, бұл қоймада ондаған кәсіпкер тауарын сақтапты. Басшылық оларға ештеңе айта алмай, бас сауғалап, қашып жүр.


Татьяна Шнякина, кәсіпкер:

-Өзіміз 20 миллионға күйіп отырмыз. Қойманы айына 200 мың теңгеге жалға алатынбыз. Келісім бойынша оның ішіне күзет пен өрт қауіпсіздігі кіретін. Енді сол басшыларымыз бізге жауап бермей жатыр

Айта кетерлігі, қойма маңында міндетті түрде тұруы тиіс гидранттар болмағандықтан 20 өрт сөндіру көлігі арлы-берлі шапқылап, су тасумен болды. Қауіпсіздікке неліктен қалай болса, солай қарағанын басшылықтан сұрап біле алмадық. Полицейлер мен күзетшілер тілшілерді шенділердің маңына жолатпай қойды. Сондай тапсырма алса керек.

-Еу, өшір дедім ғой камераны саған?

Қызыл жалыны іргелес теміржол бойында да біраз қиындық тудырды. Қауіпсіздік талаптарына байланысты шойынжолдың үш бұтағында пойыздар тоқтап, электр сымдары тоқтан ажыратылды. Әзірге өрттің шығу себебі мен келген шығынның көлемі анықталған жоқ.