Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыздың жағдайы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыздың жағдайы белгілі болды

Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыздың жағдайы белгілі болды

Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды.

  • 21 Ақпан 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Олар 16 ақпан күні "Тұран" ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан белгісіз бағытқа шығып кеткен еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап

Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.

"Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет көрсетілмегенін жеткізді. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізілуде"
,
 — дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.