Шымкентте баспаналары өртеніп кеткен 45 отбасы аштық жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте баспаналары өртеніп кеткен 45 отбасы аштық жариялады

Шымкентте баспаналары өртеніп кеткен 45 отбасы аштық жариялады

Баспаналары өртеніп кеткен тұрғындар Үкіметтен көмек сұрап отыр. Себебі қала әкімдігі мәселені тездетіп шешудің орнына, немқұрайдылық танытып отырған көрінеді. Тұрғындардың талабы қандай?

  • 23 Тамыз 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Баспаналары өртеніп кеткен тұрғындар еріккеннен емес, ешкім елемегендіктен осындай қадамға барып отырмыз дейді. Енді амалсыз осында түнеп шықпақшы. 

Көз жасына ерік берген тұрғындар жаз айынан бері баспанасыз жүргендерін айтады. Үйлері жанып кеткендіктен, әркімнің шаңырағын паналауға мәжбүрміз, дейді. Қала әкімдігі жаңадан үй тұрғызып бермекші болып, өртенген жатақхананы сүріп тастапты. Бірақ, арада үш ай өтсе де, жаңа үйдің құрылысы басталар емес. 

ГҮЛДАНА ТОПАҚОВА, ТҰРҒЫН: 
«Құжатымызды бермей жатып, сүріп тастағанның үстінен біз іс қозғауымызға мүмкіншілігіміз бар».

ЗАКУРА БАТЫРБЕК, ТҰРҒЫН: 
Бізге ешкім мына үйді сырып тастады деген қағаз берген жоқ. я мына жерге үй салып береміз деп ешкім құжат берген жоқ. Содан кейін, біз өзіміздің үйіміз, жеріміз болған келіп жатырмыз.

Тұрғындар Ғабидолла Әбдірахымовтың уәдесінде тұрмағаны бір бөлек, жаңа әкімнің қабылдауына кіре алмай жүргендерін айтады. 

ГҮЛНАЗ ЫСТАУОВА, ТҰРҒЫН
«Бізді күнде арқамыздан қағып шығарып салады. Ертең жасаймыз дейді. Міне, үш ай өтті, ертең деп келе жатқандарынаи. Әбден тойдық. Біздің талабымыз мынау: әкім осында келсін, бәрімізді жинап, жеке-жеке келісімшарт жасасын. Тұрғын үйді салатын инвестормен таныстырсын. Өйткені, біз заңмен қорғалуымыз қажет».

Өртеніп кеткен жатақхананың орны осы күні теп-тегіс болып жатыр. Бұл жеге жаңа баспананың ірге тасы қаланып, құрылыс басталмақшы. Алайда, тұрғын үйдің әлі күнге ірге тасы қаланған жоқ. Оның қашан басталатынын әзірге ешкім дөп басып айта алмайды. Тұрғындарды мазалап отырған мәселе де осы.

Дегенмен, шенеуніктер тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып жатқандарын айтады. Жаңа үйдің сызбасын әзірлеп те қойыпты. Енді инвестор іздеп жатыр екен.

НҰРЛАН ТІЛЕШ, АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 
Жаңа үй құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Одан кейін мемлекеттік сараптама бар. Сол мемлекеттік сараптамадан өтсе, инвестор қазір іздестіріліп жатыр. Ол табылады. Сондықтан құрылыс жұмысы биылғы жылы басталады деп отырмыз.

Ашынған жұртты қала әкімі алдағы жұма күні қабылдамақшы. Бетпе-бет жүздесіп, тұрғындардың сауалына жауап бермек.

Соңғы жаңалықтар