ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 жасар ұл бала «құтыру» деген диагнозбен Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына 10 қарашада жеткізілген. 11 қарашада 18 сағат 10 минутта бала қайтыс болды.
Сонымен бірге ауырған баламен қарым-қатынаста болған 4 адам анықталды. Қазір олар дәрігердің бақылауында.
Бұл ағымдағы жылы болған құтыруға қатысты алтыншы кісі өлімі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті