Шымкентте бір жарым- екі айдан кейін ипподром салына бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бір жарым- екі айдан кейін  ипподром салына бастайды

Шымкентте бір жарым- екі айдан кейін ипподром салына бастайды

Шымкент. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстіккореялық кәсіпкерлер бұрынғы "Шымкент ипподромы" МКК акцияларының мемлекеттік қоржынының бір бөлігін сату жөніндегі заңгерлік процедуралар жүзеге асырыла сала Шымкент ипподромын жаңалауға кіріседі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Арман Жетпісбаев кеше Оңтүстіккореялық кәсіпкерлермен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

«Бір-бір жарым айда біз «Шымкент ипподромы» акцияларының мемлекеттік қоржынының бір бөлігін сатуға байқау өткіземіз. Бұдан кейін реконструкциялау жұмыстары басталады. Бұл жерде біз халықаралық стандартқа сай келетін, Оңтүстік Кореядағы ат жарыстары жүйесіне сай келетін мүлдем жаңа ипподром саламыз», — деді А. Жетпісбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен Оңтүстік Кореяның NOASON фирмасының бас директоры Ли Ин Сун ипподромды реконструкциялау жөніндегі ниет келісім-шартына ағымдағы жылдың 31 қаңтарында қол қойған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті