Жарияланды: 370

Шымкентте болымсыз жер асты дүмпулері сезілді

Шымкент. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте болымсыз жер асты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Шымкент сейсмологиялық станциясына сілтеме жасап.

"14 сағат 27 минутта жеңіл дүмпу сезілді. Бізге үйдің жоғарғы қабатында тұратын бір әйел ғана телефон соқты, әйтпесе, жер сілкінісі мүлдем дерлік сезілген жоқ", -дейді сейсмостанция қызметкерлері. Сейсмологтардың мәліметінше, қуаты 3-4 балл жер сілкінісі Өзбекстан аумағында, Шымкенттен 115 шақырым жерде болған, қазір мәліметтер нақтылануда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін