–Сонда көбейтуді білмесең не бар 11 класта, ҰБТ-да нең бар ей! Айтсайшы! Көбейтуді білмесең не бар ҰБТ-да!
Бұл мамыр айында Шымкенттегі №24 мектепте болған. Есеп шығара алмай жатқан оқушыға 55 жастағы ұстаз аузына келгенін айтып, шапалақпен қуып жүріп ұрған. Мұны оқушылардың бірі түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған соң іске полиция араласты. Енді 32 жыл ұстаздық еткен математика пәнінің мұғалімі жарты миллионнан астам айыппұл ғана төлеп қоймай, 3 жылға дейін жұмысынан қуылуы да мүмкін. Жүйкесі жұқарған мұғалім тіпті түсіру тобына да жұдырық ала жүгірді.
—Түсірме дедім ғой. Түсірме…