Шымкентте газ шығуы салдарынан 11 тұрғын үй мен екі балабақша газдан ажыратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте газ шығуы салдарынан 11 тұрғын үй мен екі балабақша газдан ажыратылды

Шымкентте газ шығуы салдарынан 11 тұрғын үй мен екі балабақша газдан ажыратылды

Шымкент. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте газ шығуы салдарынан 11 тұрғын үй мен екі балабақша, үш кәсіпорын газдан ажыратылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Ақпан 2008
  • 375
Фото - Caravan.kz

«19 ақпанда 16 сағатта «Қазтрансгаз-Аймақ» компаниясының апаттық-диспетчерлік қызметінің диспетчерінен жоспарлы тексеру кезінде төмен қысымды жер асты газ құбырынан табиғи газ шығып жатқаны анықталған. Соның салдарынан 35-ші шкафты-тарату пункті газ қамтамасыздығынан ажыратылды», -делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, соның салдарынан 11 панельді үй — 254 абонент, 3 жай үй, 2 балабақша мен 3 өнеркәсіптік нысан газсыз қалды.

Бүгін таңертең қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті