Шымкентте карантин ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартып, жәрмеңкелер жұмысына рұқсат берді.

  • 9 Қазан 2020
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкенттегі карантиндік және шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.

Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлар мен жәрмеңкелерде жұмыс уақыты 30 пайыздан аспайтын және бір адамға кемінде 4 шаршы метр болатын жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

"Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жалғастыру, оның ішінде дезинфекциялық туннель мен залалсыздандыру қондырғысын орнатуды қамтамасыз ету қажет", — делінген қарарда.

Сондай-ақ, жаңа құжат жәрменкелердегі балалар ойын алаңдары, батуттар мен фуд-корттардың жұмысына салынған тыйымды алып тастады.


Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі департаментінің сайтында жарияланған.

Еске салсақ, Алматыда пандемияның екінші толқынына байланысты карантин талаптары күшейтілетін болды.