Шымкентте келіншегіне ренжіген азамат бүтін ауылды жарамын деп қорқытты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте келіншегіне ренжіген азамат бүтін ауылды жарамын деп қорқытты

Шымкентте келіншегіне ренжіген азамат бүтін ауылды жарамын деп қорқытты

Шымкентте әйеліне өкпелеген азамат өзі тұрған ауылды жарып жіберемін деп ел-жұртты әбігерге салды. Ол полицияға телефон шалып, жарылыстармен аты шыққан Чапаев елді-мекенінде тұрған көлігіне бомба орнатқанын хабарлаған. Ішкі істер қызметкерлері бірнеше көшенің адамдарын үйлерінен шығарып, бомбаны 2 сағаттан астам іздепті. Көп ұзамай бүкіл елді дүрліктірген тентек қолға түсті. Ол Шымкентте тұратын Ресей азаматы екен. Еріккен еркек енді ұзақ жылдар бойы әйелі түгілі, енді бостандық көрмеуі мүмкін.

  • 15 Шiлде 2015
  • 456
Фото - Caravan.kz

-Чапаевка елді-мекенінің тұрғындарын эвакуациялау кешкі сағат 8-дерде басталды. Полицейлер бірнеше минут ішінде 20-дан астам үйдің тұрғынын үйлерінен шығарып жіберген. Қазір, көшелерді погондылар жауып тастап ешкімді үйіне жіберіп жатқан жоқ.

Көше толған тұрғындар абыр-сабыр. Үйлерінен неліктен шығарып жатқанын ешкім түсіндірмепті. Мырзакәрім Райымшиков полицейлер келгенде отбасымен енді кешкі асқа отырып жатқанбыз дейді. Жылдам үйді босатыңдар деген соң бар ақшасы мен құжаттарын алып шығыпты.

Мырзакәрім Райымшиков, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Келіншегіміз екеуіміз екі баламды алдық та шықтық. Нақты не үшін шығарып жатқанын айтқан жоқ. Бірақ, жақын маңға бомба қойған шығар деп ойладық өзіміз. Осының алдында да бірнеше мәрте осылай эвакуациялаған. Үйреніп те қалдық.

Ал, бүкіл елді дүрліктірген азамат осы Чапаевканың тұрғыны екен. 49 жастағы Виктор есімді азамат ішімдікке тойып алып, әйелімен айқайласқан. Сөйтіп, әйеліне өкпелегені үшін есік алдында тұрған көлігіне бомба қойдым деп, полицейлерге қоңырау шалыпты. Көп ұзамай қолға түскен ол енді көп ұрысатын әйелін біраз жыл көрмейтіні анық.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі:

— ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат тарату. Бұл баппен негізінде күдікті ер-азамат 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін және келтірілген шығынды өтеуі керек.

Ал, бомба қойылды деп елді дүрліктірген Виктор туралы көршілердің пікірі әрқалай. Алыс-жақын шетелге жүк көлігімен тауар таситын ол көбіне үйінде бола бермейді. Тек, үйіне келгенде ауызы арақтан құрғамайды екен.

Көршім туралы керемет отағасы деп айта алмаймын. Ішсе әйелімен ұрысып жататын. Бірақ, біз сияқты көрші шал-кемпірге көмектесетіні де бар-тын. Мысалы, көшеге газ жүргізгенде біраз тірлігімді сол бітіріп берді.

Ал, мына әйел мен 4 бала сол Виктордың отбасы. Әйелі де күйеуі туралы жақсы пікір айтқан жоқ. Тек, камераға сөйлегісі келмейді. Күйеуінің көп ішкеніне наразы ол енді ерін тым болмаса түрме жөнге келтірер деп отыр.