Шымкентте лауазымды салықшы басқарған қылмыстық топ сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте  лауазымды салықшы басқарған қылмыстық топ сотталды

Шымкентте лауазымды салықшы басқарған қылмыстық топ сотталды

Шымкентте облыстық салық департаментінің басшысының орынбасары  басқарған қылмыстық топ сотталды. Қолынан келгенде, қонышынан басқан шенеунік сыбайластарымен бірге ұзақ мерзімге абақтыға жабылды.

  • 2 Сәуiр 2014
  • 223
Фото - Caravan.kz

Оннан астам адамнан құрылған қылмыстық топ 4 жылдың ішінде 60-тан астам жалған кәсіпорындар ашқан. Осы компаниялардың есепшоттары арқылы өзге коммерциялық мекемелерді   салықтан босатып отырыпты. Осылайша 4 жылдың ішінде мемлекетке 18 миллиард теңге шығын келтірген. Былтыр тамызда басталған сотқа бүгін ғана соңғы нүкте қойылды. Салық департаменті басшысының экс-орынбасары  Азамат Садықов пен қылмыстық топтың жетекшісін сот 8 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Топтың тағы төрт мүшесі 6 жыл арқаласа, жалған құжаттарды жасауға көмектесіп келген әйел-еркегі аралас басқа төрт мүшесі 5 жылға түрмеге тоғытылды.


Әбинұр Қарабаев, судья:

-Фирма ашады таныстарының атына, екі жыл жұмыс істейді. Миллиардтаған обороттар жасайды. Одан кейін екі жылдан кейін мынау салық комитетінің қызметкері арқасында фирманы ликвидацияға жібереді, жабады. Одан кейін жаңа фирма ашып қайтадан жұмыс істейді.