Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етті

Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етті

Шымкент. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте "ЛТД Тұрмыс" жұмысшылары тағы да жалақы төлеуді талап етіп бүгін кезекті мәрте қалалық әкімдікке келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Шiлде 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Біз тіпті ақша-қаражатсыз жұмыс істеуден, тиісті жалақыны төлеуді талап етуден шаршадық», -дейді қызметкерлер. Кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінің есептеуінше, жалақы берешегі 186 млн теңгені құрайды.

Бұл мекеменің жұмысшылары жалақы берешегін өтеуді талап етіп бұдан бұрын да әкімдіктің жанында 7-8 мәрте пикет өткізген. Алайда, әкімдіктегілер жалақы берешегі төленеді деп уәде беріп қайтарумен келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті