Жарияланды: 530

Шымкентте медициналық мекемелердің аумағында шылым шегуге салынған тыйым талабы орындалмай отыр - телеарна

Шымкент. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте медициналық мекемелердің аумағында мекеме шекарасынан 100 метрлік радиуста шылым шегуге салынған тыйым талабы орындалмай отыр, емделушілер мен келушілер талапты аяқасты етіп, темекі тартуды одан әрі жалғаструда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

Жедел жәрдем ауруханасына барған тележурналистер аурухана аумағында емделушілер мен келушілердің бәр жерде бірдей темекі тартып жүргенін көзімен көрген. Тек аурухана қызметкерлері ғана тыйымды орындауда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть