Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты

Шымкентте мешіт жанында атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты

[wpcode id="1694287"] Шымкентте атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты. Тағы екеуі хал үстінде жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы. Қанд

  • 10 Наурыз 2017
  • 614
Фото - Caravan.kz


Шымкентте атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты. Тағы екеуі хал үстінде жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қанды оқиға қылмыспен аты шыққан Ворошиловка ауылында болды. Атыс мешіттің жанында болғандықтан, полицейлер сондағы кезметкерлерден де жауап алып жатыр. Оқиға орнын арнайы жасақ қоршауға алып, маңайдағы аулалар да түгел тексерілуде.

Куәгерлердің сөзінше көз жұмған баланың жасы небәрі 14-те екен. Ал, көкірек тұсы мен жамбасынан оқ тиген екеудің өмірі үшін дәрігерлер арпалысып жатыр. Әзірге, кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер департаментіндегілер атыстың себебі мен кінәлілер туралы жақ ашпаса да, Ворошиловка ауылында қылмыстың алдын-алу жұмыстары ақсап тұрғанын ашық мойындап отыр.