Шымкентте наркологиялық диспансерде өрт болып, 20 адам көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте наркологиялық диспансерде өрт болып, 20 адам көшірілді

Шымкентте наркологиялық диспансерде өрт болып, 20 адам көшірілді

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облыстық наркологиялық диспансердің ғимаратынан өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

  • 31 Мамыр 2017
  • 272
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Азаттық.

Баспасөз қызметінің маманы Зарипа Тұрысбекованың айтуынша, "Сәуле" шағынауданында орналасқан облыстық наркологиялық диспансерінің жеке тұрған екі қабатты әкімшілік ғимаратының шатырынан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті сағат 12:36-да толық сөндірді.

Жалпы өрттің көлемі 150 шаршы метр. Сол жерде жұмыс істейтін жиырма адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі әлі нақтыланбады. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — дейді маман.


ТЖД өкілі өрт шыққан аумақ облыстық наркологиялық диспансерге қарағанымен, ғимараттың екінші қабатында облыстық психоневрологиялық диспансерінің архив құжаттары сақталынғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар