Шымкентте ОҚО ҰҚКД қызметкерлері заңсыз есірткі сатқаны және қару алып жүргені үшін іздеуде болған екі күдіктіні ұстады
Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 9 тамызында ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу-жедел тобы заңсыз есірткі сатқаны үшін іздеуде болған айыпталушыны ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оған қатысты қылмыстық істі ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қозғаған болатын.
Онымен бірге бұған дейін сотталған тағы бір азамат ұсталды, одан "ТТ" маркалы тапанша оқ-дәрілерімен бірге тәркіленді. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған екеуі де ҰҚКД тергеу изоляторына қамалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін