Шымкентте өз әріптесін өлтірді деген күдікпен өрт сөндіруші қамауға алынды
Шымкент. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте №1 өрт сөндіру бөлімінде адам өлді, аталмыш бөлімнің қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. |
"14-інен 15-іне қараған түні Шымкенттің №1 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру қызметінің 23 жастағы қызметкерінің өлі денесі табылды. Оның жүрек тұсынан пышақ іздері табылды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, күдікті алғашында оқиға орнынан жасырынған. Алайда, кейіннен қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін