Шымкентте Өзбекстанның үш азаматы құдықта қаза тапты
Шымкент. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте Өзбекстанның үш азаматы құдыққа құлап қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 тамызда сағат 17.05-те шұғыл басқару орталығының кезекшісінен Спатаев көшесіндегі Карл Маркс бөлімшесі мекенжайы бойынша № 46 үйдің құдығына үш адам құлап кетті деген хабар келген.
Оқиға орнына келген құтқарушылар тереңдігі 11 метр, диаметрі 1,5 метрлік құдықтың түбіндегі насостан улы жанармай буы шығып жатқанын көрген. Химиялық қорғаныс аппаратын пайдаланған құтқарушылар құдыққа түсіп, альпинистік құралдың көмегімен қаза тапқан үш адамның мәйіттерін алып шықты.
Зардап шеккен үш адамның Хорезм облысы, Кушкупир ауданының Ахунбабаев ауылында тұратын Өзбекстан тұрғындары - 36 жастағы Хамид Авлиякулов, 30 жастағы Шерзод Абдуллаев, 20 жастағы Шодлик Юсупов екені анықталды.
Қаза тапқандардың денесі Шымкенттің Абай АІІБ-ына берілді, қазір тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін