Шымкентте пара алды деген күдікпен жер жайластыру орталығының қызметкері құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пара алды деген күдікпен жер жайластыру орталығының қызметкері құрықталды

Шымкентте пара алды деген күдікпен жер жайластыру орталығының қызметкері құрықталды

Шымкент. 15 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте пара алды деген күдікпен " Ғылыми өндірістік жер жайластыру және ОҚО жер кадастры орталығының" мемлекеттік еншілес кәсіпорынның бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметі.

  • 15 Ақпан 2008
  • 610
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, бөлім бастығы 60 мың теңге көлемінде пара алған кезінде ұсталды. Шенеунік бұл ақшаны сатып алынатын жер учаскесі үшін төленетін төлемді кеміту үшін талап еткен.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, «оқиға орнын тексеру кезінде қосымша $25 мың , 1млн 450 мың теңге көлемінде ашқа табылып тәркіленді».

ҚР Қылмыстық колдекстің 311 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған уақытша тергеу қапасына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті