Шымкентте құлдықта болған жасөспірімнің әжесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте құлдықта болған жасөспірімнің әжесі табылды

Шымкентте құлдықта болған жасөспірімнің әжесі табылды

Тәтесінде құлдықта болған 9 жасар баланың әжесі табылды. ОҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай,

  • 20 Қараша 2015
  • 472
Фото - Caravan.kz

Қаратау аудандық полиция бөліміне 51 жастағы әйел барған. Ол жуырда полицейлер Шымкент шағын ауданында тапқан баланың әжесі екенін айтты. 

Ол баланы мүгедек тәтесіне үйдегі шаруа бойынша көмектесу үшін өзі жібергенін айтып, баланың туу туралы куәлігін ұсынды. Әжесі баланың анасы Өзбекстанда екенін, онда керекті құжаттарды толтыру үшін кеткенін жеткізген.

Еске сала кетейік, жуырда полицейлер бірнеше ай бойы мүгедек-тәтесінің үйінде тұрып, үйдегі бар шаруаны атқарып, тәтесінің жарым жан баласын күтіп, баққан 9 жастағы баланы тапты. Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы мамандары анықтағандай, ол мектепке бармаған, әріптерді білмейді, дұрыс сөйлей алмайды. 
Сонымен қатар, баланы ұрып-соқты деген күдік бар. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 140 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды.


null
null