«Кеше кешкі сағат 8-де 18-ші ықшам аудандағы №41 мектептің стадионында бөлтірік жүгіріп жүргені жөнінде ақпарат келіп түсті. Оны ұстап беруді сұрады», -дейді баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға орнына айрықша құтқару отрядының апаттан құтқару бригадасы келіп жетті. Құтқарушылар арнайы арқанмен шалма салу арқылы бөлтірікті ұстап алды. Аң қазір отрядта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті