Шымкентте қылмыскерлер кейуананы ұрлап, пәтерін сатып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қылмыскерлер кейуананы ұрлап, пәтерін сатып жіберген

Шымкентте қылмыскерлер кейуананы ұрлап, пәтерін сатып жіберген

Шымкентте бір топ қылмыскерлер 78 жастағы зейнеткерді ұрлап, оның пәтерін сатып жіберген, деп хабарлайды otyrar.kz.

  • 28 Ақпан 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz


«Сотталғандар Затькова атты азаматшаны ұрлап, Тараз қаласында 1,5 айдай ұстаған. Кейін оның пәтерін 2 миллион 926 мың теңгеге бір азаматқа сатып жіберген», — дейді Мақсат Балқыбеков, Әл-Фараби аудандық прокурорының көмекшісі.

Тергеу амалдары барысында тәртіп сақшылары қылмыстық топтың 5 мүшесін анықтаған. Күдіктінің біреуі ізін суытып үлгерген. Сотталушыларға қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінә тағылды: тонау, алаяқтық, адам ұрлау және жалған құжаттарды әзірлеу. Сот шешіміне сәйкес екеуі мал-мүлкінің тәркіленуімен жалпы тәртіптегі колонияда 8 жыл жазасын өтейді. Топтың өзге мүшелері сәл жеңілдеу жазаға кесілді. Сондай-ақ сот айыпкерлерді жапа шегушіге пәтері мен баспананың техникалық құжаттарын қайтаруға міндеттеді.