Жарияланды: 430

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаментінің инспекторы парамен ұсталды

Ауру қалса да әдет қалмайды. Шымкентте облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы парамен ұсталды.

Ол 75 мың теңгені сот шешімімен 180 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілген тұрғыннан талап еткен. Аталған соманы тауып берген жағдайда лауазымды қызметкер әкімшілік жазаға тартылған азаматты босатуға уәде беріпті. Еліміздегі күш құрылымдарында жүргізілген аттестациялауға қарамастан бұл осы өңірдегі соңғы бір айда қылмыстық атқару жүйесі саласында парамен ұсталған екінші қызметкер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін