Шымкентте қыз баланың қаза болу себебі қызылшаға қарсы екпеге байланысты емес - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте қыз баланың қаза болу себебі қызылшаға қарсы екпеге байланысты емес

Шымкентте қыз баланың қаза болу себебі қызылшаға қарсы екпеге байланысты емес

Шымкент ауруханасында 15 жастағы қыз бала қаза болды,

  • 24 Ақпан 2015
  • 663
Фото - Caravan.kz


денсаулық сақтау министрлігі ол лезде ауыртатын менингококк инфекциясынан қаза болды, деп айтуда.
Сейсенбіде аталмыш министрліктен таралған ақпаратқа қарағанда, Шымкенттің №109 орта мектебінің оқушысы қыз бала 18 ақпан күні қызылшаға қарсы егілген, ал 22-і күні қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылған, оның ол кезде жағдайы орташа ауыр болатын.
"23 ақпан күні сағат 02:15-де жағдайы күрт нашарлаған, жүрегі ,тынысы тоқтап қалған, реанимациялық шаралар жүргізілгенмен, нәтиже шықпады”.
Шымкентке бірден құрамында денсаулық сақтау министрлігінің мамандары,ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, штаттан тыс бас аллерголог-иммунологы бар жұмыс тобы жөнелтілді.
"Алдын ала нәтижелер қыз баланың лезде ауыртатын менингококк инфекциясынан қаза болғандығын көрсетуде, қызылшаға қарсы екпенің оның өліміне байланысы жоқ”, делінген хабарламада.