Оқиға тапа-тал түсте қаланың қақ ортасында болды. Мына бейнетаспада есеп айырысуға келген жігіттер анық көрінеді. Сотқарлардың бір тобы шеткірек тұрған үш жігітке келіп соқтығысқан. Сөзге келместен бірден жұдырық ала жүгірген олар әуелі төмпештеп, соңынан қару қоданыпты. Ауыр жараланған екі жігіттің жағдайын дәрігерлер мүшкіл деп отыр.
Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
— Операция кезінде ми ішінен резиновая пуля табылды. Оса пулясы. Операциядан кейінгі жағдайы ауыр бірқалыпты.
Ал басына оқ тигендер әлі тілге келмей жатыр. Жанынан туыстары бір адам алыстар емес. Баласының ажал аузынан қалғанына Оксана Шушпанникова шүкірлік етеді. Әуелі ұлының жарақатын көргенде тірі қаларына тіпті сенбепті.
Оксана Шушпанникова, А.Шушпанниковтың анасы:
— Ұлымның басынан оқ алды. Түйегін тесіп жіберіпті. Құдай сақтап, тірі қалғанына да тәуба.
Ауыр жараланған Александр Шушпанников пен Рустамбек Садыков қаладағы автомеханиктерді дайындайтын колледждің 3 курсында оқиды. Жастары 17-ге енді толған жігіттер арасындағы кикілжіңге қыз себеп болған. Александр Шушпанников Аида деген қызбен жүріпті. Кейін оны тастап кеткен. Кек сақтаған болуы керек, Аида бір топ жігітті жинап, Сашаны достарымен қосып тәубесіне түсіруге тырысқан.
Ержан Кенесарин, Әл-Фараби аудандық ІІБ тергеушісі:
— Қазіргі таңда 2 азамат ұсталды. 3-уі іздеуде. Азамат Алексей мен Александр есімді тұлғалар іздеуде. Атқан Азат есімді тұлға.
Қазір, қызға талсып қырық пышақ болған екі жігітке «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Полицейлердің айтуынша алда әлі ауыр дене жарақаты бойынша қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Ол үшін ауруханадағы жігіттерден сараптама алынуы керек екен. Ал, жараланған Александр мен Рустамбектің жуық арада төсектен тұруы екіталай деп отыр дәрігерлер.