Жарияланды: 400

Шымкентте республика аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан азаматтары ұсталды

29-наурыз күні кешкісін Шымкенттегі жеке меншік үйлердің бірінен полиция қызметкерлері республика аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

26 адам Шымкенттік кәсіпкердің саунасын салып жүрген. Ұсталғандардың жеке куәліктері болмай шыққан. ІІББ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Өзбекстандықтар қабылдау-тарату мекемесіне қамалды. Тексеруден кейін олар отандарына кері қайтарылады. Көршілес республикада болған лаңкестік әрекеттерге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында төлқұжат тексеру тәртібі күшейтілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін