-Еу, менің денсаулығым жоқ. Мені күзетшілер ұрып-соғып далаға қуып шықты.
-Еу, мен адаммын ба, итпін ба?
-Не оттап тұрсың.
-Боқтама, өзім лақтырып жіберемін сені.
Өкпе құртымен ауыратын 34 жастағы азаматтың мұндай әрекетке баруына тубдиспансер қызметкерлері мәжбүрлепті. Ауруханадан шипажайға жолдама сұрау үшін барғанда күзетшілер ұрып соғып, ал дәрігерлер дөрекі сөйлескенін айтуда. Осыған ашуланған ол ащы судан ұрттап алып, биіктен құлап өлмекші болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар мен психологтар екі жарым сағаттан кейін ғана оны жерге түсуге көндірді. Дәрігерлердің айтуынша, науқас жігіт бұған дейін де түрлі қылық көрсеткен екен. Ал, бүгінгі әрекетінен соң енді мүлдем жолдама алуы екіталай.