Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишенин таяуда құтқару қызметіне біреу қоңырау шалып, суайдағыш мұнара басына ер адам шығып алып, арнайы шипажайға жолдама бермесе секіремін деп жатқанын хабарлаған. Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғыны арнайы шипажайға өзіне жолдама беруді талап еткен.
Құтқару жасағы, прокуратура, полиция, аурухананың бас дәрігері, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің апаттық медицина орталығының психологының қатысуымен әңгіме жүргізіліп, ол төмен түсірілді.
Дерекөз мәлімдегендей, бұл ер адам бұған дейін туберкулезге қарсы ауруханада емделген, содан кейін Балқашқа арнайы шипажайға жіберілген. Ол жақта режімді бұзғаны үшін алдын ала шығарып жіберілген.