Ұлттық сусындардан балмұздақ жасауды «Ладушки» кондитерлік желісі қолға алған. Бір жылдың ішінде мұндай өнімге деген сұраныс екі есеге артқан. «Мұндай ой туып, оны жүзеге асыру үшін 3-4 ай жұмыс істедік. Белгілі химиялық құрамы бар бұл ұлттық сусындардан бұрын ешкім балмұздақ жасап көрмеген. Біз ингредиенттердің құрамы мен олардың көлемін таңдау бойынша қыруар шаруа атқардық. Балмұздақты тәтті, не сұйық не қою емес қылып жасауға тырыстық. Ингредиенттерді қосу үшін уақыт қажет болды», — деді «Ладушки» кондитерлік желісінің бас технологі Наиля Махиянова.
Балмұздақтың шамамен 45%-ы ұлттық сусыннан тұрады, — дейді технолог. Сонымен қатар оның құрамында — 35% ірі қара сүтінің қаймағы, жұмыртқаның сарыуызы, қант бар. Мамандардың айтуынша, балмұздақ ГОСТ-та қарастырылған технологиялық үрдіске сәйкес дайындалады.
Бұл міндетті түрде жасалынатын пастерлеу, фрезерлеу, соның негізінде ауаға қанығу арқылы балмұздақ жасалады. Үшінші кезең минус 36-40 температурасында қатыру. Бұл балмұздақтың консервантсыз көп уақыт сақталуына мүмкіндік береді. Өндірісте химиялық қосылыстар, дәмдегіштер қолданылмайды. Бұл балмұздақты жасауда тек шымкенттік өндірушілердің өнімдері пайдаланылады.
«Ладушки» кондитерлік желісі 2 жыл бұрын балмұздақ шығарумен айналыса бастаған. Қазір мұнда балмұздақ пен шербеттің 30 түрі шығарылады. Әрбірін жасауда тек шымкенттік өнім ғана қолданылады.






