Ш. Үсеновтың айтуынша, табиғи монополиялардың 15 субъектісі тарифтерді көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп, коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар үкіметтің инфляцияны ауыздықтау және осы жылдың бірінші тоқсанында тарифтерді өсіруге жол бермеу жөніндегі бағдарламасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.
«1 қаңтардан бастап көптеген табиғи монополиялар субъектілері жаңа, жоғары бағаға ден қоюға тиіс болған. Алайда, олар нарықтағы бағаға қатысты ахуалдың өзгергеніне қарамастан, жаңа тарифтердің күшіне ену мерзімін 1 сәуірге дейін шегере тұруға ниет білдірді. Осы мерзімде келген барлық шығындарды олар өз мойындарына алып, бір тоқсан шығынға бата жұмыс істей беруге ұйғарды», — деді Ш. Үсенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті