Сәрсенбіде полициядан таралған хабарламаға қарағанда, бұрындары сотталған жігіт шұғыл-іздеу шаралары барысында ұсталған.
"Тінту кезінде одан 500 теңгелік 17 жалған купюра табылған, олар жай қағазға басылған және жалған ақшаның орнына алынған 4 мың теңге табылған", делінген онда.
Оның үйін тінту кезінде компьютер, қағаз, түсті принтер табылған, жалған ақшаны жігіт сонда басып шығарған.
Ұсталған жігіттің айтуынша, ол жалған ақшаның бір бөлігін жақын маңдағы дүкендерге жұмсап үлгеріпті, ол жерден арақ пен басқа тауар алыпты.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп, сараптама белгіленді.