Шымкентте жалған қорытынды жасаған сот сарапшысы 3,5 жылға сотталды
Шымкентте ҚР ӘМ сот сараптамалық орталығының аймақтық Оңтүстік Қазақстандық ғылыми-өндірістік зертханасының бас маманы Б. Жұмаділов үш жарым жылға сотталды. «Тергеуді арнайы прокурор бөлімі жүргізді. Сарапшы заттай айғақтарды талан-таражға салған, дәлірек айтсақ - $2 мыңды заңсыз беріп жіберген, бұрмалаған деп айыпталады», - деп ОҚО прокуратурасының баспасөз хатшысы Шағала Момынханқызы мәлім етті. |
Сарапшы ақшаның анықтығын айқындауға сараптама жүргізу үшін $100-лық 20 купюр алған. Ол ақшалар жол полициясының қызметкерінің пара бергендігінің заттай айғағы болған.
«Жұмаділов белгісіз біреуден түрлі түсті принтерде басып шығарылған, номерлері мен сериялары өзіндегі $100 –лық 20 дана ақша купюраларымен сай келетін ақшамен заттай айғақ ақшаларды алмастырып қойған», - деді Ш. Момынханқызы. Шын долларларды сарапшы өзінің беймәлім ымыраласына беріп, ол үшін сыйақы ретінде $1,5 алған.
«Заттай айғақтарды алмастырып қойған соң, ол сараптауға тапсырылған долларлар АҚШ-та жасалатын ақшаға сай келмейді, олар түрлі-түсті принтерде басып шығарылған деген алдын ала жалған қорытынды шығарған», - деді баспасөз хатшысы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін