Шымкентте жергілікті биліктегілер сот арқылы саябақтардың жер учаскелерін қайтаруда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жергілікті биліктегілер сот арқылы саябақтардың жер учаскелерін қайтаруда

Шымкентте жергілікті биліктегілер сот арқылы саябақтардың жер учаскелерін қайтаруда

Шымкент. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент соты Абай атындағы саябақтан ұйымдар мен жеке азаматтарға жер бөліп беру жөніндегі қалалық әкімдіктің 21 қаулысын жойды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

  • 19 Қараша 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Жалға алушылардың қарсылығына қарамастан, саябақ жері қаланың жеке меншігіне қайтарылды. Абай саябағына қатысты 13 арыз-шағым соттың қарауында жатыр», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметіндегілердің ақпараты бойынша, жер учаскелерін қайтару жөнінде материалдар, басқа да саябақтарға қатысты құжаттар дайындалуда, оның қатарында Ғани Мұратбаев атындағы және Орталық саябақтар да бар.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Шымкентте қалалық 8 саябақ бар. Өткен жылы саябақтың 72 гектар жері жер пайдаланушыларға жалға берілді. Ал Абай атындағы ең үлкен саябақтың 40 гектарының 35 әкімнің шешімімен жеке тұлғалар мен ұйымдарға берілді.

Биыл жылы жергілікті билік саябақ жерлерін коммуналдық жеке меншікке қайтару жұмыстарын қолға алды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кейбір кәсіпкерлер тұрғызылған нысандары үшін, өтемақы талап етпестен, оны өз еркімен қайтарып берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті