Шымкентте жергілікті кәсіпкердің қанын мойнына жүктеген қылмыскерлер өмір бойы бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жергілікті кәсіпкердің қанын мойнына жүктеген қылмыскерлер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Шымкентте жергілікті кәсіпкердің қанын мойнына жүктеген қылмыскерлер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты бейсенбі күні кәсіпкер Камал Әріповты өлтірген қылмыскерлерге жаза кесті.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz

Қылмысты тікелей жасаған – Ғафур Жарекесов пен Үміт Илиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды, дейді сот үкімімен таныстырған судья Әбсаттар Шахидинов.

Кәсіпкердің үйін тонауға қатысқан, бірақ оларды өлтіруге қатыспаған екеу – Берік Бердішев пен Жаныс Ерниязов өмірінің 15 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды.

Қылмысты жасауға түрткі болған Жалғас Ысқақов 15 жылға, жүргізуші Андрей Лапаев та осынша мерзімге түрмеген тоғытылды.

Сонымен қатар, сот олардан бизнесменнің жесіріне 64,6 млн теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды.

Бұған дейін хабарланғандай, былтыр наурыз айында қылмыскерлер құрылыс дүкенінің қожайыны К.Әріповтың үйіне баса-көктеп кірген. Содан соң үй иесіне, оның әйелін, ұлы мен қызын байлап қойып, соққыға жыққан. Кәсіпкер мен оның 11-ші сыныпта оқитын ұлы сол жерде жан тапсырды. Сейфті бұзып, ішіндегі ақша мен әшекей бұйымдарын алып кеткен қандықол қарақшылар Алматы, Астана мен Атырауға бара жатқан жолда қолға түскен болатын.