Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Шымкент полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы Лилия Ахметованы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

  • 22 Маусым 2016
  • 490
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық істі тексеру полициясының қызметкерлері жоғалып кеткен оқушы қызды 21 маусым күні жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тапты. Қыз танысының үйінен аман-есен табылды. Полицейлердің айтуынша, оның денсаулығына еш қауіп жоқ. Қажетті тексерістерді жүргізген соң тәртіп сақшылары Лилияны ата-анасына қайтаратынын айтты. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс жүріп жатыр.

Еске салайық, 21 маусымда ОҚО ІІД із-түссіз жоғалып кеткен Лилияны іздестіру жұмыстарын бастаған болатын. Өтініш әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қызды іздестіру жұмыстарына ОҚО ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Айта кетейік, жедел қызметкерлер қыздың үйден бұған дейін де кетіп жүргенін анықтады.